МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығымен облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Имандосов Мұрат Самұратұлы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.