ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы ашық болады, тек елдің солтүстік-шығысы, оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың кей аумақтарында тұман түсіп, күн суытады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының кей аумақтарында түнде 0-2 градусқа дейін күн суытады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.