БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде үсік жүреді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-22 м/с жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде минус 2 градусқа дейін күн суытып, үсік жүреді. Ақтөбе облысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.