ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Даму Қоры АҚ Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Мүгедектік-бизнес ашуға кедергі емес» атты оқыту семинарын өткізді.
Әр күн сайын өз кәсібін ашуды мақсат еткен, алайда қандай қадамнан бастау қажеттігін білмейтін жандардың саны артуда. Әсіресе аталған мәселе мүгедек жандардың тұрақты жұмысқа орналасу қиындығы әсерінен кәсіп ашуды ойластырғанда кездесетін болғандықтан, Даму қорының қызметкерлері оңалту орталығында бизнес бастау жолдары жайында семинар өткізуді ойластырды. Семинар барысында қатысушыларға шектеулі қаражатпен кәсіп бастау туралы айтып, экономикалық дағдарыс кезеңінде сұраныстағы бизнес идеялармен таныстырды. Сондай-ақ, Даму Қорының кеңесшілері бизнес ашуға қажетті қаржылай ресурстарға мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдайтын бағдарламалар аясында қол жеткізу және оның тиімді шарттары мен мүмкіндіктері жайлы да баяндады.
Барлық қатысушылар семинарға белсенді түрде қатысып, спикерлердің ақпаратына көңілдері толды. Іс-шараға қатысушылардың сөзінше, кәсіпкерлік қызмет- бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың өз-өзін ғана емес, басқа да мүгедек жандарды жұмыспен қамтуына берілген үлкен мүмкіндік. Семинарға қатысқан Бауыржан Тимурзаев және Бисенкүл Ибенова ақпараттық іс-шарада алған кеңестері бойынша келесі күні Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, кәсіпкерлікке оқытудың қысқа курсына қатысуға өтінім берді.
- Сауықтыру орталығының әкімшілігі бізге арнап ұйымдастырылған семинар жайында айтқанда, қатты қуандық, себебі бұл Даму Қорының қызметкерлерінен бизнесті қаржыландыратын бағдарламаның жеңілдіктері жайлы тікелей сұрап білуімізге болатын мүмкіндік еді. Орталықтан алған кеңесімде біз секілді мүгедек жандар осы тұрғыдағы семинарға қатысқан соң, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз бизнестерін ашқандығы жайлы білдім. Ендігі үмітім, өз мақсатыма жетіп, бизнес-жобамды жүзеге асырсам деймін, - деп өз ойымен бөлісті 1 топ мүгедегі Бауыржан Тимурзаев.
«Мүгедектік- бизнес ашуға кедергі емес» атты семинар соңында Даму Қоры мен Қызылорда облыстық мүгедектерді оңалту орталығы бірлесіп орталық базасында сертификат табысталатын кәсіпкерліктің қысқа курстарын ұйымдастыруға өзара келісті. Бұл қадам, орталық емделушілеріне емнен қол үзбей-ақ бизнес жүргізу жолдарын үйренулеріне мүмкіндік береді. .