ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕГІН САПАРЛАЙДЫ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында дәстүрлі тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл туралы «Қазақпарат» «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мерекелік шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады.
Атап айтқанда, ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Турист» вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді.
ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан темір жол кассаларында ресімделеді.
Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.
Жуырда майдангерлерге «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жүруге 99 пайызға дейін жеңілдік беретін арнайы «Ардагер» дисконттық карта шыққанын естеріңізге сала кетейік.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 3 917 Ұлы Отан соғысына қатысушылар бар.
Бұл туралы қосымша ақпаратты 8-(7172) 600-205, 600-163 телефондары бойынша алуға болады.