ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҮЛГІЛІ ОТБАСЫН КҮТІП АЛДЫ
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттаған болатын.
Наурыз бен қыркүйек айы аралығында өткен «Мерейлі отбасы» байқауына еліміздің барлық облыстарынан 1298 отбасы қатысып, оның ішінде 16 отбасы ақтық сынға жолдама алған. Өңірлік деңгейде өткен жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан қатыстырылған Мейрамбек Әлібековтің отбасын бүгін әуежайдан қызылордалықтар үлкен қошеметпен күтіп алды.
Мейрамбек «ПККР» АҚ-да қаржы бөлімін басқарады, ал Лаура ошақтың отын түтетіп, балалардың тәрбиесімен айналысады. Екі үлкен ұлдары мектепте оқиды, бірі спортшы, екіншісі физика ғылымымен айналысады. 2007 жылы ерлі-зайыптылардың жанұясында егіздер өмірге келді. Қос ұлдан кейін қызды болуды армандап жүрген ата-ананың тілегі қабыл болып, егіз қыз табады. Ал өткен жылы Мейрамбектің жары Лаура еріне үшем сыйлап, отбасын шаттыққа бөлейді.
«Дауыс беру қорытындысы бойынша еліміздегі ең үлгілі отбасы болып Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Бимаханбетовтер әулеті танылды. Мен бұл отбасын бұл атауға әбден лайық деп есептеймін. Себебі, 80-нен асқан қариялар 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан аса шөбере сүйіп отырған берекелі шаңырақ. Бұл жасқа дейін біз де бұл биікті бағындырамыз деп ойлаймыз. Астанаға барып Елбасымен жүздесіп, батасын алып қайтудың өзі біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Осы конкурсқа қатысуымызға жоғарғы дейгейде атсалысып, демеушілік жасағандары үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-на алғысымызды білдіреміз», - дейді шаңырақтың ұйытқысы болып отырған Лаура Әлібекова.
Айта кетейік, Елбасы байқаудың ақтық сынына шыққан өзге 15 отбасының барлығына елімізде жасалған автокөліктерді сыйға тартты.
Фариза ОМАРОВА