ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Қызылордада 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Бұл ғимарат Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледж құрылтайшысы қаржысы есебінен бой көтерді.
Айта кетейік, жатақхана мемлекет басшысының «Студенттік баспана» бағдарламасы негізінде салынды. Бағдарламаға сәйкес, келер жылы республика студенттерінің 80 пайызы жатақханамен қамтылуы тиіс.
- Студент білімді де білікті маман болып шығуы үшін оған қолайлы жағдайдың барлығы жасалуы қажет. Өйткені, білімді адам – ел байлығы. Мемлекет басшысы «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет» деп әрдайым айтып келеді. Бүгін, міне, колледж ұжымы үшін, әсіресе, студенттер үшін ерекше күн. Сіздердің игіліктеріңіз үшін заманауи білім, өнегелі тәрбие алуға барлық жағдайы жасалған «Студенттер үйі» пайдалануға беріліп отыр, - деді облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы алғаш рет аймағымыздың тау-кен металлургия саласына қажетті кадрларды даярлау мақсатында мектеп бітіруші 82 оқушы Ресей Федерациясының Москва қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне, 25 оқушы Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық өсімдікті полимерлер университетіне білім алуға аттанды.
Тағы бір айта кетерлігі, «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында Білім және ғылым министрлігі тарапынан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына бөлінген 1000 орын мемлекеттік гранттың 470-ін, жоғары оқу орындарына бөлінген 1050 орынның 320-сын Сыр елінің жастары жеңіп алды.