ТУБДИСПАНСЕРДЕГІ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ғимаратында өрт-тактикалық жаттығуын өткізді.
Жедел жәрдем, ІІД, мамандандырылған күзет қызметі бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС, қалалық электр торабы, апаттар медициналық орталығы, оңтүстік өңірлік аэромобильдік құтқару жасағының қызметкерлері жаттығудың нәтижелі аяқталуына атсалысты.
Шартты белгі бойынша диспансердің 1-қабатында орналасқан дәрі-дәрмек қоймасында өрт шықты. Өрт сөндірушілер дер кезінде оқиға орнына жетіп, түтінге тұншыққан 9 адам құтқарды.
Қауіпсіз жерге шығарылған адамдар саны – 253, оның 39-ы өздігінен жүре алмайды.
Сағыныш ТҰМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨСжәне АҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі