«ҚЫЗЫЛОРДА ЖАРЫҒЫ» БОРЫШКЕРЛЕРДІ СОТҚА БЕРУГЕ МӘЖБҮР
2015 жылы Қызылорда облысында сот органдарына электр энергиясы үшін 104,082 млн. теңге берешегі бар 783 тұтынушыға қатысты талап арыздар жолданды. Бұл Қызылорда қаласының қызмет көрсету аясындағы бір айлық тұтыну көлемінің 25%-ын құрайды.
- Осы соманың 81,029 млн. теңгесі өндірілді. Биыл 4 ай ішінде 220 тұтынушыға (86,4 млн. теңге) қатысты талап арыздар жолданып, соның 71,6 млн.-ының орны толды, - деді «Қызылорда жарығы» холдингі бірлестігінің атқарушы директоры Е.Есенбаев «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде.
Бұл жұмыс қарыз толығымен өндірілгенге дейін жалғасады. Болжам бойынша алдағы уақытта сотқа 100 млн. теңгеге талап арыз жолдау жоспарланып отыр.
Назерке САНИЯЗОВА
Бұл жұмыс қарыз толығымен өндірілгенге дейін жалғасады. Болжам бойынша алдағы уақытта сотқа 100 млн. теңгеге талап арыз жолдау жоспарланып отыр.
Назерке САНИЯЗОВА