ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ӨСТІ
18 сәуірден бастап Қызылорда облысындағы электрмен жабдықтаушы 3 ұйым орташа тарифтерді 13,0%-дан 16,8%-ға өсірді. «Қызылорда жарығы» холдингі бірлестігінің атқарушы директоры Еркебұлан Есенбаев «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде мәлімдеді.
1 кВт.сағат электр энергиясының орташа тарифтері ҚҚС-мен қоса есептегенде былай өзгерді: «Энергосервис» ЕЖШС – 18,75 теңге, «Шиелі Жарығы» ЖШС – 19,16 теңге, «Дәулетэнерго» ЖШС – 20,22 теңге. Одан бөлек, жарықты 70 кВт.сағатқа дейін пайдаланатын жеке тұлғалар үшін 15,99 теңге белгіленді.
- Бағаның өсуіне «Қызылордажылуэлектрорталығынан» сатып алынатын электр энергиясы бағасының, тасымал тарифінің өсуі себеп болды, - деді Еркебұлан Есенбаев.
Назерке САНИЯЗОВА
- Бағаның өсуіне «Қызылордажылуэлектрорталығынан» сатып алынатын электр энергиясы бағасының, тасымал тарифінің өсуі себеп болды, - деді Еркебұлан Есенбаев.
Назерке САНИЯЗОВА