22 СӘУІРДЕ ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде 22 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі. Тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрормет. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт болу қаупі бар.