ҚАЗАҚСТАНДА 2 540 ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН
Елімізде 2 540 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілген. Оған республикалық бюджеттен 33,6 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және ПИК проблемалары» тақырыбында өткен онлайн-конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Елімізде 83 мың тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. 2011 жылы Қазақстан бойынша ескірген үйлер 32%-ды құрады, яғни, 25 мың тұрғын үй. Бұл – үлкен проблема. Әрине, ғимараттардың басым бөлігі өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Осы жылдар аралығында 2 500 үй күрделі жөндеуден өтті. Оған 33,6 млрд теңге қаржы жұмсалды. Әлі де жұмыстар жалғасып жатыр», - дейді тұрғын үй шаруашылығына жауапты басшы.
Сонымен қатар, Мархабат Жайымбетов жөнделген тұрғын үйлердің иелері коммуналдық төлемдерге аз ақша төлейтінін тілге тиек етті. Себебі, күрделі жөндеуден кейін тұрғын үйлердегі сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету құрылғылары және жертөлелер мен үйдің шатырлары толығымен күрделі жөнделеді. «Бұл өз кезегінде үйдің бағасына да әсер етеді», - дейді М.Жайымбетов.