МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МЕКТЕПТЕРІ ИНТЕРНЕТПЕН 100 ПАЙЫЗҒА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Үкімет пен әкімдіктерге мүгедек балалар мектептерін интернетпен 100 пайызға қамтамасыз етуді жүктеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ерекше мәселе - ол мүмкіндігі шектеулі балалар мекемелерін дамыту. Осы орайда Үкімет пен өңірлік әкімдіктер алдына 2015 жылдың барысында мүгедек балалардың мектептетін интернетпен, оқытудың мультимедиялық құралдарымен, интерактивті тақталармен 100 пайызға қамтамасыз ету мақсатын қоямын», - деді Н. Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін «Мерейлі Отбасы» байқауының барша облыстар мен Астана және Алматы қалаларынан жеңімпаз атанған барлық 16 отбасының әрқайсысына көліктің кілті тапсырылды.