АСТАНАДА ХІІІ ЕУРАЗИЯ МЕДИА ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Елордада ХІІІ Еуразия медиа форумы жұмысын бастады. Атап айтқанда, биыл Қазақстанға әлемнің 50 елінен 30 спикер мен 400 делегат келді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкілі форумнан хабар таратады, - деп жазады «Қазақпарат».
Форум барысында бүгін негізгі 4 мәжіліс өтеді, сондай-ақ белгілі журналистер, саясаткерлер мен экономистер 5 шеберлік сабағын өткізеді.
Шараның бүгінгі күнтәртібінде ғаламдық дағдарыс, мұнай өндіру саласындағы проблемалар, Таяу Шығыстағы ахуал, Ауғанстан мәселесі, ХХІ ғасырдағы ақпарат соғысының ерекшеліктері, мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару тақырыптары талқыланады.
Форумға ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, ұлыбританиялық экономист Саймон Анхольт, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин және басқа да белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, ЕАМФ 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен бейсаяси әрі коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Форум Батыс пен Шығысты толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылауға бағытталған.