«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы белсенді сату орталығының қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғындарына «Әмбебап нөмір», ID Net, ID TV, қоғамдық орындардағы Wi-Fi сияқты телкоммуникациялық қызмет түрлерінің ерекшілігі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындар арасында бір SIM-картаға қалалық және ұялы нөмірді біріктірген «Әмбебап нөмір» қызметі кеңінен қолданыста. Оның артықшылығы – лимитсіз ұялы интернет, қызмет түрлерінің жақындығы. Мысалы, «Премиум New» тарифті жоспарына қосылған абонент 4G интернетке лимитсіз трафик иеленіп, ҚР-да тіркелген нөмірлерге, «Altel» нөміріне, басқа операторларға 250 минут тегін қоңырау соға алады.
Белсенді сату орталығының бастығы Юлия Гамзаева айтқандай, «Қазақтелеком» қызылордалықтарға жаңарған өнімдер желісін ұсынады. Ол барлық қызмет түрін қамтитын және әртүрлі қолданушылардың сұранысын қанағаттандыратын «Базалық», «Стандартты», VIP топтарға бөлінген. Әр пакет құрамына жоғары жылдамдықты лимитсіз интернет кіреді.
Презентация кезінде қызылордалықтар жаңа қызмет түрлерінің ерекшелігі туралы ғана біліп қоймай, оларды өздері сынақтан өткізе алады. Оларға қосылу үшін өтініш беріп, Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызмет көрсету пунктерінде немесе 160 (қоңырау тегін) нөмірі арқылы акциялар туралы ақпарат ала алады.