ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАҒАСЫ БЕКІТІЛГЕН 105 ПРЕПАРАТТЫҢ ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова отандық кәсіби фармацевтика қауымдастығы басшылығымен 105 препараттың бағасын ұстап тұру жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Препараттардың толық тізімімен министрліктің ресми сайтында таныса аласыз.
Екі тарап қол қойған меморандумның басты мақсаты – еліміздегі тұрмысы нашар топтарға әлеуметтік жағынан көмек беру.
Отандық және халықаралық дәрі өндірушілер, дистрибьютерлер мен жекелеген сауда өкілдері 2016 жылдың аяғына дейін 105 дәрінің бағасын тұрақты ұстап тұруға келісіп отыр.
«105 дәрі-дәрмек – бұл ең көп қолданылатын прерапараттардың тізімі. Бұл тізімге қабынуға және тұмауға қарсы қолданылатын дәрілер кіріп отыр», - дейді фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы Ботагөз Смағұлова.
Сонымен қатар, меморандумға ҚР Фармацевтика ісін қолдау және дамыту, «ФармМедИндустрия Қазақстан», Халықаралық фармацевтикалық дәрі өндірушілер және ҚР фармацевтикалық өнім дистрибьютор қауымдастықтары қол қойды.