БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ ТҰРЫП, КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.