«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Наурыз бен қыркүйек айы аралығында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына еліміздің барлық облыстарынан 1298 отбасы қатысты. Өңірлік деңгейде өткен жарыс қорытындысы бойынша 16 отбасы ақтық сынға жолдама алды. Жеңімпаздар ішінде – көпбалалы отбасылар, соның ішінде егіздер мен үшемдерді өсіріп отырғандар, жетім және ата-ата қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеген отбасы, Олимпиада чемпионы, альпинист және паралимпиада спортшысының отбасылары, теміржолшылар, өрт сөндірушілер, мұнайшылар, энергетиктер, педагогтар мен дәрігерлер, агроөнеркәсіп кешені мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әулеттері, сондай-ақ отбасылық ансамбль де бар.
Сонымен, республика бойынша өткен дауыс беру қорытындысы бойынша еліміздегі ең үлгілі отбасы болып Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Бимаханбетовтер әулеті танылды. Бұл 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан аса шөбере сүйіп отырған мерейлі отбасы. Президент үлгілі отбасына естелік статуэтка мен Қазақстанда шығарылған отбасылық шағын автобустың кілтін табыс етті. Сондай-ақ, Елбасы байқаудың ақтық сынына шыққан өзге 15 отбасының барлығына елімізде жасалған автокөліктерді сыйға тартты.