ҚЫЗЫЛОРДАДА ПӘНДІК САБАҚТАР АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылордада 41 мектеп-лицей базасында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Қазақ-түрік лицейлерінің әдістемесі мен технологиялары бойынша ағылшын тілін үйрету жобасы жүзеге асады. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Сыр өңірінде іске асу барысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 125 млн. теңге қаралып отыр. Бұдан бөлек, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі базасында негізгі мектептегі пән және бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін ағылшын тіліне оқыту мақсатында «KATEV» халықаралық қорымен меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, 2019 - 2020 оқу жылында аталған 41 мектеп-лицейдің 11-сыныптарында, ал 2020-2021 оқу жылында 10-сыныптарында оқу пәндерінің бірі ағылшын тілінде үйретілетін болады.
Сонымен қатар, облыстағы 71 мектепті «E-Learning» электронды оқыту жүйесіне қосу үшін материалды-техникалық базасын қажетті жабдықтармен жарақтандыруға облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді (Осыған дейін бұл жүйеге аудан және қала бюджеттері есебінен 52 мектеп қосылып, жұмыс жасауда. Осылайша «E-Learning» бағдарламасымен облыстың 123 мектебі қамтылды).
Биыл жаңа оқу жылынан бастап, 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты облыстың екі мектебі бастапқы білім берудің 1+11 үлгісі бойынша жаңа оқыту мазмұны негізінде тәжірибеден өтуде. Сонымен бірге әр сыныпта 17 баланы қамтитын мектепке дейінгі дайындықтың бір сыныбы және бірінші сыныптағы 450 оқушыны қамтитын 18 бастапқы сынып тәжірибе үшін іріктеп алынды.
Барлық эксперименталды сыныптар тиісті оқу жабдықтармен, оқулықтармен, оқу методикалық құралдармен қамтамасыз етілген. 54 педагог Назарбаев зияткерлік мектебінің арнайы семинар-тренингтерінен өтті.
Жаңа оқу бағдарламасын игеру деңгейін айқындау мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебі және Алтынсарин атындағы білім академиясының өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізілуде.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу әдістемесін облыста енгізу мақсатында облыс әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ұйымы арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, тәрбие жұмыстарының бағыттары мен іс-тәжірибесі аймағымыздың 2 пилоттық және 22 инновациялық мектептеріне енгізілді.