ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 2,6 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Ұлы Отан соғысының ардагерлері ардақталады. Мереке қарсаңында бір реттік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы жыл басынан бері ардагерлерге 540 миллион теңгеге қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілген. Бұл туралы бүгін еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Қазақстан ардагерлерінің VI съезінде мәлім етті. Тамара Дүйсенованың айтуынша, биыл 19 ардагерге үй берілген.
Сондай-ақ пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыс бойы отынмен қамтылған. Айта кеткен жөн, еліміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 3600-ден асса, тыл ардагерлері 170 мыңға жуықтайды. Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: - Егер де бюджеттің мүмкіншілігі болатын болса, барлық облыстарда бірдей берейік. Қазір осы жұмысты облыс әкімдерімен сөйлесіп, келісіп жатырмыз. Сіздердің айтқандарыңызды жеткіземіз. Сондай-ақ съезд қатысушылары «Ардагерлер ұйымының» дамуы жайын талқылады. Оның ішінде қаржыландыру мәселесі кеңірек айтылды. Осы ретте Тамара Дүйсено ва ұйымның өз бетінше қаржы тауып, дамуы үшін мемлекеттік тапсырыстарды орындау жайын қарастыруды ұсынды.