БҮГІН ҚЫЗЫЛОРДАДА 300 ПӘТЕРДІ ҚҰРАЙТЫН 5 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Облыс орталығындағы «СПМК-70» мөлтек ауданында іргесі қаланған 5 көпқабатты тұрғын үй «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынатын болады. 20,5 мың шаршы метрді құрайтын жаңа үйлердің құрылысы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, құрылысшылармен кездесті.
Жобаның жалпы құны – 2 млрд. 970,7 млн. теңге. Мердігер мекеме көппәтерлі тұрғын үйлерді 2016 жылдың қараша айында пайдалануға береміз деп отыр.
2015 жылы 53 көпқабатты үй құрылысы басталып 42 үй пайдалануға берілген болатын. Осылайша тұрғын үй көлемі 2014 жылға қарағанда облыста 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласында 8 есеге артты. Тек қана облыс орталығында пәтердің кезегі бір жылда 17% -ға қысқарды.
Биыл да осы қарқынды сақтап қалу үшін «Қазақстанның ипотекалық компаниясы», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» тығыз жұмыс жасалуда. 2016 жылы 3170 пәтерді құрайтын 70-ке жуық көпқабатты тұрғын үй салынады.