ҚАЗАҚСТАН ЖЕРI ШЕТЕЛДIКТЕР МЕН ОРАЛМАНДАРҒА САТЫЛМАЙДЫ
Қазақстан жерi шетелдiктер мен оралмандарға сатылмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов «Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру» атты брифингте мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Жер» кодексiнiң 24-бабына сәйкес, шетелдiктер мен оралмандар жердi жекеменшiкке сатып ала алмайды. Жер, яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер оларға 25 жылға жалға берiледi», - дейдi Б.Смағұлов.
Оның айтуынша, қазiргi таңда 10, 15 және 49 жылға жалға берiлген жерлер одан әрi жалданады. Дегенмен, жалға алушы сатқысы келсе, жеңiлдiк бағамен сата алады.
Естерiңiзге сала кетсек, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аукцион арқылы жекеменшiкке сатылмақ.