ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТАРИФІ КӨТЕРІЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі хабарламасының негізінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ залалдылық мөлшерін азайту мақсатында және пайдалану шығындарына деген бағалардың өсуіне байланысты темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифтерінің 2016 жылғы 25 сәуірден бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған вагондардың барлық типтерімен облысаралық қатынаста темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау 10%-ға өсетіндігі туралы хабарлайды.
Бұл жерде сңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілгенін айта кету керек.
Сонымен бірге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.
Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолау көрсету мақсатында жолаушылардың кейбір топтарына арнайы жеңілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, «Ардақты ана», «Қамқор» немесе «Ардагер+» дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі