ЕҢ ЖАС МӘЖІЛІСМЕН САУАЛДАРЫН ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖОЛДАУҒА УӘДЕ ЕТТІ
"Мен бұрын да айтқанмын, тағы да айтамын, депутаттық сауалды тек қазақша жолдаймын. Керек адам аудармашы арқылы (құлаққа салатын арнайы құрылғымен) аударып тыңдай жатар, - деді Мәжілістің ең жас депутаты Геннадий Шиповских «Қазақстан-Заман» газетіне сұқбатында.
Сонымен бірге халық қалаулысы сұхбатқа шақырған телеарналарға қояр басты талабы — мемлекеттік тіл екенін де баса айтты. "Сұхбатқа шақырған телеарналарға қояр басты талабым — мемлекеттік тіл. Сауалға сол тілде ғана жауап беруге дайынмын деп ескертемін. Бұл жерде өзімнің ана тілім — орыс тілін аяққа жығып беріп отырғам жоқ, керісінше, орыстардың да қазақша сөйлей алатынын, сол тілде ойланып-толғануға олардың да шама-шарқының жететінін көрсету. Өзге қандастарыма үлгі болу», - деді ол.
Айта кетейік, Геннадий Шиповских Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында елбасы алдында мемлекеттік тілде сөз сөйлеп, елдің ризашылығына бөленген болатын. Жас депутат – Сыр өңірінің тумасы.
Айта кетейік, Геннадий Шиповских Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында елбасы алдында мемлекеттік тілде сөз сөйлеп, елдің ризашылығына бөленген болатын. Жас депутат – Сыр өңірінің тумасы.