БАЙҚОҢЫРЛЫҚ МОТОӘУЕСҚОЙЛАР «ДИСТАНЦИЯ» ӘЛЕУМЕТТІК КАМПАНИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
«Байқоңыр» мотоклубы қоғамдық ұйымының мүшелері қаланың мотоәуесқойларымен бірге «Дистанция» әлеуметтік кампаниясына қатысты. Бұл туралы «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы бөліміне сілтеме жасап қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Мотошерудің мақсаты – жолда қашықтық сақтамау кесірінен болатын жол апаттарының санын азайту және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды насихаттау. Қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүріп өтіп, Ленин атындағы алаңға тоқтады. Әлеуметтік кампанияға 30-дан астам адам қатысты.