ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ ҚАҒИДАТЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Облыс әкімдігінің 2016 жылғы наурыз айындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасының аймақта жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық сүйемелдеуге арналған іс-шаралар жоспарындағы тапсырманы орындау мақсатында құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы қағидаты енгізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Сәулет Алмағанбетов хабарлады.
- Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР құрылыс заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілгені баршаңызға белгілі, - деді С.Алмағанбетов. - Құрылыс саласындағы рұқсат рәсімін оңтайландыру мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарының үш негізгі саты бойынша регламенттелінген және оңтайландырылған болатын. Бірінші саты – бастапқы рұқсат құжаттарын беру, екінші саты – эскиз жобасын мақұлдау және үшінші саты – объектілерді пайдалануға беру.
Айта кету керек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, комиссиялық қабылдау Заңнан алынып, мемлекеттік мекемелердің қатысуынсыз тапсырыс беруші, мердігер мекемемен бірге, техникалық және авторлық қадағалаушылардың қатысуымен нысандарды пайдалануға декларациялық әдісімен қабылданбақ.
Шынар БЕКБАН