ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, тұман түседі. Тек еліміздің шығысында күн ашық.
Қазгидрометтің мәліметінше, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, күндіз Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.