ЕЛІМІЗДЕ ХАТ-ХАБАРДЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫМЕН ЖӨНЕЛТУГЕ БОЛАДЫ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ хат-хабарды жолаушылар пойызымен экспресс-тасымалдау қызметі саласында жаңа жобаны іске қосты. Жоба «Бригадир конверті» деген атауға ие, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазірдің өзінде «Бригадир конвертін» рәсімдеп, түбіртегімен пойыз бастығы арқылы Қазақстанның кез келген түкпіріне жіберуге болады. Корреспонденцияның (хат, құжат, жеделхат) алушыға сол күйінде әрі уақытылы жетуіне пойыз бастығы тікелей жауапты.
Хат-хабар жөнелтуге форматы А4 және ені 3 сантиметрден аспайтын конверттер ғана қабылданады.
Адресат алмаған «Бригадир конверті» жөнелтуші/алушыға конвертті қайтару туралы ескертілген күннен бастап 30 жүмыс күні сақталады. 30 күн өткен соң, теміржол учаскесінің жауапты тұлғасы «Бригадир конвертін» поштамен жөнелтушінің көрсетілген мекенжайына жолдайды.