ӘР ҮЙГЕ – КӨГІЛДІР ОТЫН
«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының арқасында Қызылорда облысында 190 мың адам көгілдір отын игілігін көріп отыр. Қысқа уақыт ішінде 1,5 мың шақырымға газ құбыры тартылды, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
«Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында 2015 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Инвестжобалар жөніндегі компания салып жатқан барлық нысан уақытынан бұрын пайдалануға берілуде. Мысалы, «ҚазТрансГаз» АҚ директорының бірінші орынбасары Қайнар Нұрлыбаев айтқандай, Аралда газбен қамту жүйелері мерзімінен екі ай бұрын қолданысқа берілді. Қазірде қалада 32 мың тұрғын, 143 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын табиғи отын пайдалануда. Басқа да елді мекендердің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік әлі де жеткілікті.
2015 жылдың қазан айында сондай-ақ Жаңақорған, Шиелі және Әйтеке би кенттеріне көгілдір отын тартылды.
- Өткен бес жылда Қызылордада 7 мыңға жуық жаңа үй газға қосылды. Ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары біртіндеп экологиялық таза отынмен қамтылуда. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қаланың газ жүйелері қосылып, қыста табиғи газ жетіспеушілігі мәселесі жойылды, - дейді Қайнар Нұрлыбаев.