ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ ҮЙДІ ЖЫЛЫТУ ТӘСІЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ
Қызылордалық 8 сынып оқушысы Мақсат Қарлыхан мал қиынан биогаз ала отырып, үйді жылыту тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Кызылорда каласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемдегі табиғат ресурстарының тез таусылып жатқанына алаңдаулы. Осы орайда, ол айналаға залалын тигізбей тұрғын үй және мал қораларды жылытуға болатын биогаз алуды ойлап тапты.
«Әлем ғалымдары жел, күн көзінен қуат көзін алуды ойлап жүр. Ал біз кәдімгі мал қиынан алынған биогазды ұсынамыз. Оны тұрғын үйлерді жылытуға отын ретінде пайдалануға болады», - дейді Мақсат Қарлыхан. Құрылғы биогаз түзу үшін қолданатын биомасса мен бактерия арасында жүретін реакция резервуары, газ қоспасынан тазартатын сүзгіш резервуары және газды сақтайтын резервуардан тұрады.
«Бірінші резервуарда араласқан газ қоспасы басқа газ қоспаларынан тазалану үшін екінші резервуарға түседі. Нәтижесінде метан бөлініп шығып, үшінші резервуарға бөлінеді. Жұмысымыздың келесі кезеңі биогаздың шығуын ұлғайту үшін анаэробты бактерияларды өсіру. Қиындығы жасаған ортада кислородтың жетіспеуі болып отыр. Ол үшін Петри ыдысында жабық кеңістік жасаймыз. Құнарлы орта ретінде агар-агарды қолданамыз. Ауаны шығару үшін көмірқышқыл газы бар агар-агар көмектеседі», - деп түсіндірді мектеп оқушысы.
Мақсат жоба жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Марат Атабаевпен биомасса құрамының сапасы мен санына қолайлы жағдай жасау жұмыстарымен айналысуда. «Яғни, ірі қара мал қиы, су және анаэробты бактериялардың пайыздық үйлесімін, сондай-ақ, қышқыл өндіруші бактерияларды қолдануда зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Менің ойымша, биогаздық құрылғы адам өмірін жеңілдетеді және биогаз жаңа энергия көзі болады деп сенемін», - дейді Мақсат Қарлыхан.
Шынар БЕКБАН