18 СӘУІРДЕ ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН КҮРКІРЕП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
18 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Тек Қазақстанның солтүстігінде және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді, Алакөл ауданында жел екпіні 28 м/с . Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Қостанай, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.