АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН ТЕГІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛІП ЖАТҚАН ЖОҚ
Ақсуат ауылдық округте тегін он сотық жер берілуде. Осындай қауесетпен «Вконтакте», «WhatsApp Messenger» әлеуметтік желілерінде хабарландыру таралып, ауылдық округтің әкімшілігіне облысымыздың әр ауданынан автобус жалдап қаланың аумағынан жер алғысы келген қызылордалықтар бірінен бірі естіп келіп жатыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділбек Ерсұлтанов хабарлады.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ақарыс Нұрсейітовтың мәлімдеуінше, жер алуға өтініш білдірген азаматтардың саны бүгінге дейін 2000-ға жетер-жетпес болса, 6 сәуірден бастап, лақпырт әңгімеден кейін арыз иелерінің саны 5000-ға жеткен. Сондықтан қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Еркебайдың айтуынша, инфрақұрылымы дайындалмай және кезексіз ешқандай да жер берілмейді. Ал қауесет, Қызылорда қаласы аумағынан 50 га жер бау-бақша дақылдарын егуге берілуі тиіс жерлер дайындалған. Ол ешкімнің атына аударылып, немесе тұрғын үй салуға дайындалмаған.
Бүгінде Қалалық ішкі істер басқармасына арыз берілді. Қала прокурорының жіті бақылауында. ҚР ҚК 274 бабына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі азамат 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Осы орайда, «жер алып беремін» деген алаяқтарға алданып қалмауға шақырамын», - деді қала прокурорының орынбасары Елжан Әжібеков.
Шынар БЕКБАН