ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАҒАЗ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қызылордада қағаз өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәменге сілтеме жасап.
«Бұл жеке кәсіпкер Досболовтың жобасы, ресурспен қамту көлемі шағын ғана, бар-жоғы 10 млн теңге қажет болды, соған қарамастан бұл облысымызда қағаз өндірісімен айналысатын жалғыз ғана кәсіпорын», - деді Мәмен.
Кәсіпорынның шығаратын өнімдері біз тұрмысымызда жиі пайдаланатын гигиеналық, бірреттік қол сүртетін қағаз сүлгілер мен дәретхана қағаздары.
«Кәсіпорын өндірісін дереу аяққа тұрғызып, жақын арада табыс таба бастайды деп үміттенеміз, себебі оның өнімі шынымен сұраныста бар», - деп қосты Балдырған Мәмен.
Қалалық әкімдіктің ақпараттарына сәйкес, ағымдағы жылы Қызылорда қаласында бірден 8 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайды. Бір жыл ішінде жұмысын бастайтын кәсіпорындар 250-ден аса адамды жаңа жұмыс орнымен қамти алады.