ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЕН ИРАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА 5 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Ислам Республикасына Қызылорда облысы тарапынан барған делегацияның ресми сапар барысында Іскерлік кеңес өткізілген болатын. Іскерлік кеңес аясында Қызылорда облысы мен ирандық компаниялар арасында 5 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының «Ақтөбе және К» компаниясы мен ирандық «Туюран Санат Ария» компаниясы арасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында қуаттылығы жылына 1500 тонна бас құс өндіретін зауыт салу жөнінде келісімге қол қойылды. Жобаның жалпы құны 900 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар Қызылорда облысында тыңайтқыштар өндіру үшін қолайлы орта құру, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстар жүргізу және Қызылорда облысының ауылшаруашылық саласын дамыту бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен ирандық «Киа Сам Кармания» компаниясы арасында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, ирандық «Агро Ай Групп» компаниясы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 15 мың гектар жайылымдық жерге 30 мың бас қой, 10 мың бас ірі қара мал өсіріп, мал шаруашылығы кешенін салуды жоспарлап отыр. Ал Иран еліндегі ауылшаруашылық саласындағы жетекші компанияның бірі «Джахад-э-Сабз» Акционерлік Қоғамымен Қызылорда облысы әкімдігі арасында Қызылорда облысында ауылшаруашылық саласын дамыту, күріш, майлы дақылдар өндіру мәселелері бойынша 2 меморандумға қол қойылды.
Айта кету керек, аталмыш компания өкілдері өткен жылы облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевпен кездесіп, облыстық жетекші ауыл шаруашылығы мамандарымен бірге Жаңақорған және Шиелі аудандарында болып, бірлескен іскерлік кәсіпорын ашу арқылы майлы дақылдар және интенсивті алма ағашын отырғызу жайында қызығушылығын танытқан болатын.
Шынар БЕКБАН