ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ БАЗАСЫНДА ТЕГІН ОҚИДЫ
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы тиімді мүмкіндікті «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» компонентіне қатысуға өтініш берген Қызылорда облысының 10 кәсіпкері пайдаланбақ.
ШОБ кәсіпорындарының топ-менеджерлерінен түскен 20 өтініштің 10-ы Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысында Назарбаев Университетінде тегін оқытудан өтуге қолдау тапты. Кәсіпкерлерді оқытудың ақысы республикалық биюджет есебінен төленетін болады.
Құрамына күндізгі оқу тренингілері, онлайн-семинар мен бизнес-жоспар жасау сияқты бөлімдер енгізілген үш кезеңдік оқытуды үздік шетелдік және отандық бизнес-тренерлер жүргізеді. «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» жобасына қатысушыларға табысты әрі дамушы бизнесті құрудың жаңа модельдерін меңгеріп, ресурстарды тиімді қолдану мүмкіндіктері, үнемді мекемені жасақтау әдістері мен принциптерін, сондай-ақ бизнесті бағалау тәсілдерін зерттеу, шағын және орта бизнестің кәсіпорындарында көшбасшылардың алатын орны сияқты тақырыптарды жан-жақты үйрену қарастырылған.
Бизнес – тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға Назарбаев Университеті мен Дьюк Университетінің бірлесіп өткізген оқытуын сәтті аяқтағаны жөнінде сертификат табысталады. Ескере кетсек, жобаға қатысқан кәсіпкерлердің «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі аясында Германияға бір айлық тематикалық тегін бизнес – тәжірибеден өтулеріне мүмкіндіктері бар.