БП: ҚАЗАҚСТАНДА АНЫҚТАЛҒАН ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК ФАКТІЛЕРІ ӨСУДЕ
Қазақстанда анықталған жалған кәсіпкерлік фактілері өсуде, деп хабарлады бас прокурор Асхат Дауылбаев.
"Кейінгі бес жылда жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтаудың тұрақты өсу серпіні байқалуда. Атап айтқанда, 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде жалған кәсіпкерлік туралы 628 қылмыстық іс тіркелді, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 261 қылмыстық іс болған еді, — деді Дауылбаев Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында.
Дегенмен, А.Дауылбаев атап өткендей, жүргізіліп отырған жұмыстардың тиімділігіне Мемлекеттік кіріс комитетінің уәкілетті қызметтерінің жеткіліксіз үйлестірілуі мен келісімсіз әрекеті және банк мекемелері тарапынан қаржы операцияларына қатысты тиісті бақылаудың болмауы кедергі жасап отыр.
"Соңғы бес жылда аяқталған істер бойынша анықталған залалдың сомасы 242 млрд-тан астам теңгені құрады. Залалды өтеу болса орташа есеппен 7 пайыздан аспайды, ал 2015 жылы небәрі 1,2 пайызды құрады", — деп түйді бас прокурор.