ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 40 ЖІГІТ ҚОРДАЙҒА ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Кеше Қызылордада азаматтарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті. ҚР ҰҚК шекара қызметі оңтүстік өңірлік басқармасының Қордай ауылдық округіндегі 2038 әскери бөлімінде сырбойылық 40 жігіт әскери міндетін орындайды.
Облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, генерал-майор Әлімжан Ерниязов: «Сарбаздарға әскери өмірде төзімділік, шыдамдылық пен қайрат-жігер керек», - деді. Салтанатты шарада болашақ сарбаздарға жолдама табыс етіліп, ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі оркестірінің сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындалды.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, көктемгі маусымда Қызылорда облысынан ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдарда 700-ден астам жігіт әскери міндетін өтемек.