МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР
Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен және облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен жаңа Әдеп кодексін қолдануға байланысты түсіндірме жүргізу.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж. Жылқышиева баяндама жасап, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтармен таныстырды. Ж. Жылқышиева өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша Департаменттің жұмысына, Әдеп жөніндегі Кеңестің қызметіне, қолданыстағы заңдардың бұзушылығын жасаған бірінші басшылардың жауапкершіліктеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін бағалау жүйесі бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ілкібаев Ғалымжан таныстырып өтті.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша Департаментпен жүргізілген бағалау мен бақылау нәтижелерімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Нұртаев Талғат таныстырып өтті. Баяндамашы өз баяндамасында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін орындаудағы бұзушылықтары жайлы нақты деректерді келтіріп, жергілікті атқарушы органдармен жасалынған ішкі бақылауға ерекше тоқтала кетті.
Семинар-кеңеске қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдары бойынша тиісті жауаптарын алды.