ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ 76 ПАЙЫЗЫ ДӘРІГЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАУЫМЕН БЕРІЛЕДІ
2016 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 7713 дәрілік заттардың атауы тіркелген, оның ішінде дәрігердің тағайындауымен берілетін дәрілер саны 5871 (ҚР-да тіркелген дәрілік заттардың жалпы санының 76%-ы), рецептісіз берілетін дәрілік препараттар саны - 1842. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.
Рецептімен берілетін дәрілік заттар тізіміне микробқа қарсы және гормонды препараттар; құрамында есірткі құралдары мен психотропты заттары бар дәрілік препараттар; жүрек-қантамырлары ауруларын емдейтін дәрілік заттар; ішек-қарын жолдары ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттар кіреді.
Дәрігердің тағайындауынсыз берілетін дәрілік заттар: дәрумендер, мұрынға тамшылататын дәрілер, шырындар, шөптен жасалған шайлар мен жинақтар, кейбір қабынуға қарсы және ауруды басатын препараттар.
ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық департаменті мамандарының 2015 жылғы Астана тұрғындарына жүргізген сауалнамасына қарағанда, дәрілік заттарды алу барысында адамдардың 51%-ы фармацевтер және провизорлармен кеңесетінін, 18% - туыстары және таныстарымен, 12% - шешімді өздігінен қабылдайтынын және тек 19%-ы ғана дәрігерлермен ақылдасатынын көрсетті.
Дәрі-дәрмектерді, олардың көлемін, енгізу тәсілі мен емдеу ұзақтығын өздігінен таңдау кезіндегі қателесу мүмкіндігі 80 пайызға дейін жетеді.
Антибиотиктер - сансыз адам өмірінің құтқарушысы, медицинаның ең үздік жетістіктерінің бірі болып табылады. Оны тиімсіз қолдану аллергиялық реакция, тыныс демікпесіне, жүрек, бүйрек, бауырдың қауіпті ауруларына, сондай-ақ, балалардың туабітті кемістігінің ұлғаюына әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотиктерді дұрыс тағайындау мен қолдануды талап етуде. ДДСҰ ұсынымдарын ескере отырып, ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметкерлермен дәрілік заттарды тағайындау мен өткізудің қолданыстағы талаптарын орындау жөнінде тұрғындарға өзін-өзі емдеуден туындайтын қатерлер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырды.