РЕСМИ САПАР АЯСЫНДА 66 ЕКІЖАҚТЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
10-11 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен ҚР делегациясының Иран Ислам Республикасына ресми сапары болды. Қызылорда облысы тарапынан облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев, Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов және «Ақтөбе және К» компаниясының директоры Нұрлан Іздібаев делегация құрамында болды.
Бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Иран Ислам Республикасы мен Қызылорда облысы арасындағы ынтымақтастықтың дамуы жөнінде делегация мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев ресми сапардың негізгі мақсаты туралы, оның ішінде қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру негізінде инвестициялар тарту, соның ішінде ауылшаруашылық саласын дамыту жөнінде айтып өтті.
«Ресми сапар аясында 10 сәуірде Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында қазақ-иран бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес өткізілді. Іскерлік кеңестің жұмысына Қазақстан мен Ираннан 200-ден астам компания қатысты», - деді Ғ.Әміреев. – Жалпы, осы сапар аясында металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым және білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты құжатқа қол қойылды.
Айта кету керек, инвестициялардың көлемі бойынша ең ірі келісімдердің бірі – «Бәйтерек» Холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен ирандық «Каве Индастри Групп» компаниясы арасындағы құны 200 млн доллар Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жөніндегі келісім.Осы қазақстандық-ирандық жоба Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу жобасының жалғасы болады деп күтілуде.
Шынар БЕКБАН