МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы "Даму-Көмек" бағдарламасымен 7 мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерлерге және көпбалалы анаға демеушілік көмек жасады.
Көмек ретінде 2 топ мүгедектері Әбдібек Баймырзаев, Қарлығаш Тойбазарова және Ұлболған Ахметова, Алтынай Турушева және 1 топ мүгедегі Жұбатқан Нұрғазиев, Жолдас Байұзақов, сондай-ақ көпбалалы ана Зейнеш Алжимбаева мұздатқыш камера мен тігін машинасын сыйға алды.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының қатысушысы "Қызылорда-Нефтесервис" ЖШС-і және "Транс Азия Констракшн" ЖШС-і көмек сұраған жандарға бірден көмек қолын созды. Қарлығаш Тойбазароваға өзінің үйінің жанынан ашқысы келіп отырған шағын дүкеніне мұздатқыш тоңазытқышты "Транс Азия Констракшн" ЖШС-і сыйға берді.
- Маған тоңазытқышты несие ретінде бөліп төлеуге береді деп ойладым, алайда қайтарымсыз көмекті ұсынғанда сенбедім, ендігі жерде шағын бизнесіме үлкен көмек болатын болды. Бізге демеушілік көмек жасаған жомарт жандарға алғысымыз шексіз,- дейді Қ.Тойбазарова.