ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 146 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТЫ КЕНЕ ШАҚҚАН
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 146 адамды кене шағу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева айтты.
Облыс әкімінің Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алудың кейбір мәселелері туралы өкімімен биыл аурудың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жұмысшы тобының құрамы бекітілді. Наурыз айынан бастап өңірде кенеден залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Абырой болғанда, геморрагиялық Конго-Қырым қанды безгегі сияқты қауіпті ауру анықталған жоқ. Ұ.Аханаеваның айтуынша, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жағдай тұрақтанған. Өткен жылғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда кене шағу оқиғалары 38-ге азайған.
Қолайсыз елді мекендерде көктем мен күзде 2 рет кенеге қарсы өңдеу шараларын жүргізуге 166 млн. 315 мың теңге бөлінді. Сол төңіректердегі 300 метр радиуста санитарлық-қорғаныс аймақтарын құру, дала тышқандарының індерін терең дустациялауға республикалық бюджеттен 26 млн.-нан астам қаражат бөлінді.
Қолайсыз 100 елді мекенде кенеге қарсы дәрілеу, залалсыздандыру жұмыстарының сапасын арттыру шараларын ұйымдастыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.