ЕЛІМІЗДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОФИСТЕРІ АШЫЛАДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Вnews.kz.
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов жалпы отырыста аталған заң жобасы туралы баяндама жасады.
«Биылғы жылдың 21 қаңтарында Давос қаласындағы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мақсатында Қазақстанда офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қойылды. Бұл келісім 1994 жылы Алматы қаласында жасалған тұрақты өкілдік құру туралы келісімді алмастырады. 2001 жылы Астана қаласында өкілдік ашылғаннан кейін Алматыдағы офис аумақтық офис мәртебесіне ие болып, бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы қызметін жүзеге асыруда», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, 1992 жылдан бері Дүниежүзілік банк Қазақстанға 6,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған. 2014 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасында 2016-2021 жылдарға арналған жалпы құны 4,9 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойылды.