ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ
Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қалижан Қобландин Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының №9 учаскелік полиция пункінде Шұғыла мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.
Қабылдау барысында тұрғындардың өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Қобландин жеке қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысымен жеке-жеке кездесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар берді. Полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айта келіп, түйткілді мәселелерін шешуге тырысатынын жеткізді.
Шұғыла мөлтек ауданы тұрғындары өзіне жүктелген күрделі істі атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.
Айта кетерлік жайт, Жергілікті полиция қызметі осы бағыттағы халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау шараларын қаламыздың және аудандардың барлық полиция пунктерінде өткізуді жоспарлауда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі