ОМБУДСМЕН:ҚР-ДА МЕКТЕПТЕРДЕ БЕС КҮНДІК ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚОҒАММЕН ДИАЛОГ ҚАЖЕТ
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қазақстандық мектептерде бес күндік оқытуды енгізу мәселесі бойынша қоғаммен диалогқа шақырады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шәкіров Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке үндеу жолдады.
"Құқық қорғау көзқарасынан, бұл бастама оқу жүктемесін оңтайландыру, қолайлы оқу жағдайын жасау және білім жүйесін дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келтіру арқылы балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру шарттарын жақсартады".-делінген Шәкіровтің үндеуінде.
Сонымен қатар омбудсмен "бұл мәселеде азаматтық қоғаммен, мектептермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен деген көзге көрінетін сұхбаттың болмауы бүгінде кейбір мүдделі тараптардың сын объектісіне айналғанын" атап айтты.
Шәкіровтің айтуынша, оқу жылын ұзарту және мектептердегі жазғы демалысты қысқарту туралы хабарлама үлкен резонанс туғызды.
"Мұғалімдер, ата-аналар және қоғамның басқа топтары ортасында қарама-қарсы пікірлер айтылды, оның үстіне – әлеуметтік желілерде осы қадамға қарсы шығушылардың қолтаңбаларды жинай бастағаны туралы белгілі болды. Уәкілетті ведомствомен сұхбаттың болмауы кезінде осы пікірталастар енгізілетін шараның жалпыға түсінікті болуына кері әсерін тигізеді",-деп атап айтты ол.
"Әрине, Елбасының кез келген басқа тапсырмаларына қатысты сияқты бұл тапсырма да жүйелі әдісті, алдын ала талдауды, жоғары дайындау мен ұйымдастыру деңгейін талап етеді, ал мемлекеттік органдар олардың нақты, мұқият тексерілген және біртіндеп іске асырылуына ерекше көңіл бөлуге тиіс"-деп қосты Шәкіров.
Омбудсменнің пікірінше, заманауи мектеп бағдарламасында "пәндер көп болып, кейбір пәндерді, мүмкін, алып тастауға не біріктіруге де болатын шығар, бірақ бес күндік оқу аптасына өту бойынша реформаның мәні оқу және демалыс күндерінің жай ғана механикалық түрде қайта таратылуынан тұрмай, керісінше, бағдарламаны қайта қарау мен оңтайландыруға әкелуге тиіс".
"Сондай-ақ жаңа оқу нысанына өту үдерісі эмоциялардың объектісіне айналмай, кәсіби, ғылыми зерттеудің мәні болуы тиіс. Оның негізінде мүдделі мамандардың мектеп оқушыларының жасын, сондай-ақ қоғамдық, мәдени, ауа райы және көптеген басқа да факторларды ескеретін пікірі болуы тиіс",-деп есептейді Шәкіров.
Оның пайымынша, бұл мәселеде білім саласында реформаларды табысты жүзеге асырған шет елдерінің ең үздік тәжірибесін талдау қажет.
"Демалыс ұзақтығының балалардың қылмыс жасауына ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығармай, осы мәселені балалардың демалу уақытын механикалық қысқарту арқылы емес, ал балалар лагерлерінің, секцияларының, үйірмелерінің және өзіндік әрекетінің басқа да нысандарының қолжетімділігін дамыту және құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту арқылы шешуге болады",-деп мәлімдеді Шәкіров.
Ол, өкінішке орай, Министрлік осы уақытқа дейін қоғам алдында мұндай талдау нәтижелері туралы толыққанды ақпаратты жарияламаған, бұл дүйім жұртқа осындай жұмыстың мүлдем жүргізілмегені туралы қорытынды жасауға негіз береді деп түйді.
"Ең соңында, жоғарыда айтылғанға байланысты азаматтық қоғам институттарының және Бала құқықтары туралы конвенцияның 12 және 13-баптарына сәйкес балаға қатысты барлық мәселелер бойынша өз пікірі мен көзқарастарын еркін білдіруге құқықтары бар балалардың пікірін тыңдау мүмкіндігімен осы мәселе бойынша кең және инклюзивті консультацияларды өткізуді орынды дұрыс деп санаймын. Балаларға байланысты мәселелерде ашықтықтың аздығы қоғамға өте ауыр тиеді",-делінген хабарламада.
Омбудсмен Сағадиевке қаралатын мәселені пысықтау үшін, оның ішінде орталық деңгейде – мемлекеттік органдардың жанында құрылған қоғамдық кеңестер және мектептер деңгейінде – ата-аналар комитеттері аясында барлық ықтимал құралдарды қолдануды, ашықтық пен жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуді сұрады, сондай-ақ осы мәселені талдау өтінішімен жолығатынын айтты.
"Кері жағдайда, уақтылы емес және жеткіліксіз пысықталған қадамдар белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін кедергі болуы мүмкін",- деп қорытындылады Шәкіров.