ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ТУЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілетін Жауынгерлік Туы салтанатты түрде табысталып, кең көлемде аталып өтілді. Салтанатты шараның қонақтары: облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Қайрат Бөрібаев, ҚР ҰҚК департаменті бастығы Таңат Жүнісов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының басшысы Мұрат Қарымсақов, облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Ертілеу Жалғасбай, облыстық ішкі істер департаменті бастығының міндетін атқарушы Асылғали Меңдіғали, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Серік Мұстафаев, 5547 әскери бөлімінің командирі Мақсат Қырғызбаев, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жамуровтың қатысуымен өткізілді.
Осыдан тура 14 жыл бұрын жергілікті Ішкі істер басқармасының қылмыстық-атқару жүйесі өз бетінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы болып қайта құрылған болса, бүгінде өз алдына ішкі істер министрлігінің бөлек департаменті болып түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу аясында нәтижелі қызмет атқарып келеді.
Жауынгерлік Ту – кез келген ішкі істер органдарының жүрегі, намысы мен ары екендігі белгілі. Оны жауынгерлер бейбіт күнде де, соғыс жағдайындада әрбір қызметкер көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 1 қазандағы №94 Жарлығына сәйкес ,Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми рәмізі және жауынгерлік айбындылық,ерлік пен ардың мәртебелі бейнесі ретінде Жауынгерлік Ту табыс етілді
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілетін Жауынгерлік Ту грамотасын Қызылорда облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғанибек Отарбаевқа салтанатты түрде табыстады. Алаңда әскери оркестрдің сүйемелдеуімен тақырыптық марштар орындалып, жеке құрам қызметкерлері алаңда саптық шерумен өткізілді. Бұл Ту жеке құрамның абыройын асқақтатады. Осы Тумен бірге сала мамандарына үлкен жауапкершілік артылды. Осы ретте, Елбасымыздың сындарлы саясаты мен еліміздің тыныштығы және бейбітшілігіне зор үлес қосып, алдағы уақытта біздің қызметкерлер жемісті жұмыстар көрсетеді деп сенім білдіремін.
Жеке құрамды Жауынгерлік Тудың табысталуымен ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жамуров құттықтады.