ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Аймағымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік орны бар, жастар бастамаларына қолдау көрсетуде ықпалын тигізіп жүрген Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тоқсанды қорытындылап, тапсырмаларды нақтылады.
Атап айтар болсақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудандар бойынша бөлімдері атқарған жұмыстарына тоқталды.
Есепті кезеңде орталық тарапынан 250-ге жуық шара өткізіліп, оған барлығы 9000-ға жуық жастар қамтылған. Сонымен қатар, 750-жасқа әлеуметтік-психологиялық кеңестер беріліп, «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы бойынша 24 жас жұмысқа орналастырылды.
Тоқсанды қорытындылау есепті жиынына Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Мая Төлегенқызы қатысып, алдағы жоспарларға тоқталды.