ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» БИЛЕТІНЕ ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ
Жеңіс күні құрметіне ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге «Қазақстан темір жолы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер береді, - деп жазады «Қазақпарат».
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлауынша, Жеңіс күні құрметіне «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер беретін жаңа дисконтты карталар шығарылады.
«Ардагер» дисконтты картасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, Ұлы Отан соғысының I, II, III топтағы мүгедектеріне арналған 99% жеңілдік жасалады. Дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз.
«Ардагер+» дисконтты картасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілген барлық топтардың өкілдеріне (оның ішінде аумақтық соғыстарға қатысқандар, Чернобыль апатын жоюға қатысқандар және т.б. бар) 50% көлемінеде жеңілдік жасалады.
Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер жасалады. Ендеше «Ардагер+» дисконтты картасы бар жолаушы билетті күні бұрын алса 70 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.
Жеңілдіктер жүйесі «Тулпар-Тальго» пойыздарының төмендегі бағыттарында қарастырылған: №1/2 «Алматы-Астана», №19/20 «Астана-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №67/68 «Астана-Защита», №69/70 «Алматы-Защита», №79/80 «Астана-Шымкент», №87/88 «Астана-Ақтөбе», №89/90 «Астана-Қызылорда», №701/702 «Алматы-Петропавл.
Дисконттық картаны алу үшін вокзалдағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол кассаларына келіп, жеке куәлік пен бірге аталған мәртебені растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 3917 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, сондай-ақ 41729 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар бар.