«ЖҚЖК 2020» АЯСЫНДА 17 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨШІРІЛДІ - ҚР ДСӘДМ
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам қазақстандық көшірілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
«2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруды бастағаннан бері экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам азамат немесе 5 мыңға жуық отбасы көшірілді», - делінген хабарламада. Осылайша, жаңа мекен-жайға көшіп келген азаматтардың ішінде 8,4 мың адам еңбекке жарамды жаста, олардың 6,5 мыңы немесе жалпы көрсеткіштің 77,3%-ы жұмыспен қамтылды.
Ведомствоның мәліметінше, көшірілген барлық отбасылар мемлекет есебінен тегін баспана алды, 30%-ға жуық отбасы жеке тұрғын үйлерде тұрса, 70%-ы пәтерлер немесе жатақханадан бөлмелер алды. Жалпы алғанда 1223 жеке тұрғын үй, 108 көппәтерлі тұрғын үй және 12 жатақхана салынды. Облыстар арасында көшірілген адамдардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 4 428 адам, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 3 145 және 2 529 адам болды.
Естеріңізге сала кетейік, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен, 2015 жылы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 1200-ден астам адам көшірілді.