ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, тек республиканың батысында күн ашық. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Атырау облыстарында кей аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Солтүстік Қазақстанды тұман басады.Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарында – тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеймек. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.